«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 19 наурыздағы № 77 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 19 наурыздағы № 77 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 140-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Н. Дауешов

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің м.а.

2021 жылғы 19 наурыздағы

№ 77 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.