Білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығы
(2026.21.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026.31.07. № 217-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.06.10. № 306 бұйрығымен (2023 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 99 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026.31.07. № 217-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптар бекітілсін.
2. Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі А. Б. Ілиясовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптардың 33-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.