«Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 306 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 163) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарда:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын осы ең төменгі талаптарда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпараттандыру объектілері - электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурс, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
2) аппараттық-бағдарламалық кешен - белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
3) оқуды басқару жүйесі (Learning Management System - LMS (Лұнинг менеджмент систем - ЛМС)) - оқу процесін басқаруды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР ҰКО) - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;