«Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 886 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларындағы:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі үшін ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу «Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығымен белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі».»;
2-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін көрсету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: