«Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығы (2025.22.09. берілген өзгерістермен)

Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығы

(2025.22.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Әділет министрінің 2024.24.10. № 886 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары бекітілсін.

2. Тіркеу қызметі және заң қызметін көрсету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі 2022 жылғы

31 тамыздағы № 733 бұйрықпен

 бекітілген

 

 

Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары

 ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес әзірленді және заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.