Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазанда № 1141 қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидасы (бұдан әрі -Қағида) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі - орталық мемлекеттік органдар) міндеттемелерді міндетті және адал орындауын және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мониторингі тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторинг бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді құзыретіне халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылау жататын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.