Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 197 бұйрығы
(2025.16.09. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 143 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025.29.08. № 260 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025.29.08. № 260 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын: