«Республикалық маңызы бар Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 351 Қаулысы

Республикалық маңызы бар Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 351 Қаулысы

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы 528,7 гектарға азайтылсын.

2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

«Ақмола облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

4

Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық)

99471,3

Біржан сал ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

»;

«Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

Түркістан облысы

107

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

131934

Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби және Бәйдібек аудандары, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

108

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

34300

Сауран ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.