Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 433/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 68-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 23 шілдедегі
№ 433/НҚ бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер