2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетің бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 1 шешімі
(2022.31.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2022.31.03. № 2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 42 315 632,5 мың теңге:
салықтық түсімдер – 19 828 127 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 258 202,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 547 930 мың теңге;
трансферттер түсімі – 13 581 372,9 мың теңге;
2) шығындар – 53 460 682,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу– 35 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 20 0000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу– 55 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -11 110 049,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 11 110 049,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 18 203 250,4 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 196 383,4 мың теңге;
бюджеттік қаражаттың пайдаланатын қалдықтары – 3 103 182,6 мың теңге.
2. 2022 жылға арналған қала бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасады деп анықталсын:
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салықтан;