«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 326 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 326 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27790 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларында:

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері жоба келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде ШАЖО жобасын қарауды және келісуді жүзеге асырады.

Жерге орналастыру жобасын келісу Кодекстің 121, 139, 140 және 142-баптарында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде жүзеге асырылады.»;

2) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген):

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЖМБМК АЖ) - жүргізу тәртібі осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;»;

10) тармақша алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.