Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 67 бұйрығы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беруге өтініштің;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беруге келісуші органдар қорытындысының;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес объект салу үшін жер учаскесін таңдау актісінің;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарының нысандары бекітілсін.
2. Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті (Ұ.Е.Жазылбек):
1).осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
2).осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.