Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 371 бұйрығы
(2023.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.04.05. № 380 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5) тармақшасына және «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.