Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 13 наурыздағы № 98-НҚ бұйрығы
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.