«Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 231 бұйрығы (2024.24.08. берілген өзгерістермен)

Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 231 бұйрығы

(2024.24.08. берілген өзгерістермен)

 

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитеті

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

Министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушы

2024 жылғы 28 маусымдағы

№ 231 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 46-32) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы тергеп-тексеру (бұдан әрі - тергеп-тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.

 

 

2-тарау. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу тәртібі

 

2. Тергеп-тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) жалған және тіркелмеген ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды өндіру, әкелу (импорттау), өткізу және қолдану (пайдалану) кезінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.