Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 Қаулысы
(2018.27.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 764 Қаулысымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 291-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық субсидия беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 68, 626-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 және «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 210 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 21, 115-құжат).
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.