Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 Қаулысы
(2020.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 7) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ әлемде COVID-19 таралуы салдарынан санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылсын.
1-1. ҚР Үкіметінің 2020.01.07. № 417 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі енгізілетін шектеулер туралы шекаралас мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы белгіленген тәртіппен хабарласын.