Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға (салуға) арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылы 9 наурыздағы № 97 бұйрығы
2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 2) тармақшасына сәйкес және мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға (салуға) арналған жобалау құжаттамасын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға (салуға) арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай игеру және өндіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.