«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 141 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Сотталғандарға тәртіптік жазалаулар ҚАК-тің 133-бабында көзделген тәртіпте мекеме бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның не оның орынбасарының қаулысымен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда қолданылады.
Бұзушылық фактісі бойынша сотталғанмен ЖТЖ күнделігіне тіркеумен тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізіледі, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек, психотүзету іс-шаралар өткізіледі.
Егер тәртіптік жазалау басқа мекемелер арқылы транзитпен жүруі (бұдан әрі - транзиттік мекеме) кезінде салынған жағдайда транзиттік мекеме әкімшілігі тәртіптік жазалауға тарту туралы қаулы бар материалдарды сотталғанның жеке ісіне қоса береді.