«Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 4 шілдедегі № 122 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 4 шілдедегі № 122 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

1) допинг-бақылау - тестілер өткізуді жоспарлауды, сынамалар алуды, оларды сақтауды, тасымалдауды, сынамаларды зертханалық талдауды, тестілеуден кейінгі рәсімдерді, сондай-ақ тиісті тыңдаулар өткізу мен апелляцияларды қарауды қамтитын процесс;

2) допингке қарсы әкімшілендіру және менеджмент жүйесі - бұл деректерді енгізу, сақтау, тарату және есептерді жасау жолымен интернетте орналасқан деректер базасын басқаруға арналған, мүдделі тараптарға және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып, олардың допингке қарсы қызметінде көмек көрсету үшін әзірленген жүйе;

3) жарыс кезеңі - спортшының және (немесе) жануардың нақты спорттық жарысқа қатысу кезеңі;

4) жарыстан тыс кезең - жарыстан тыс кезеңде енгізілмеген уақыт;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.