«Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығы (2025.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығы

(2025.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.04.07. № 122 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.К. Есентаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020.04.03. № 54 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 18 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасының допингке қарсы

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спортта допингті қолдануды болдырмау және оған қарсы күрес тәртібін айқындайды.

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.04.07. № 122 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.