Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешімі
Осы редакция 2021 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1-қосымшаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдер қосымша берілсін.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Н. Сергалиев |
| Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2020 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 38-3 шешіміне
1-қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған қосымша емдік өнімдер
| № | Аурулар | Халық санаты | Дәрілік затты тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Дәрілік заттың (шығару нысаны) және медициналық бұйыдардың атауы |
| 1. | Бастапқы өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Илопрост, капсулалар; Сакубитрил + Валсартан қабығымен қапталған таблеткалар; Эплеренон қабығымен қапталған таблеткалар |