«Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 қазандағы № 120 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 қазандағы № 120 Қаулысы

 

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының 5-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Төрағасы

 

Т. Сулейменов

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2026 жылғы 29 қазандағы

№ 120 қаулысымен

бекітілді

 

 

Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.