«Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 316 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 603 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16994 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 2 қарашадағы
№ 603 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің