Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығы
(2025.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025.17.09. № 477/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1162 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023.31.03. № 123/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестиялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;