(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2018 – 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...

«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 Қаулысы

(2018.17.09. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2018.05.05. № 245 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2018 жылға мынадай:

1) кірістер - 8 636 675 719 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер - 5 592 394 446 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 120 224 237 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 620 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 2 918 437 036 мың теңге;

2) шығындар - 9 370 297 588 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 113 475 991 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 236 519 381 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 123 043 390 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 36 155 287 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 36 155 287 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -883 253 147 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 1,5 пайыз;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 330 528 103 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 7,6 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 883 253 147 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.

ҚР Үкіметінің 2018.05.05. № 245 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.17.09. № 568 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.