«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 қарашадағы № 11-І Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

«Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) бүкіл мәтін бойынша «наградталады», «наградталуы», «наградтауды», «наградтау», «наградтауға», «Наградтау», «наградталмайды», «наградталған», «Наградталған», «Наградталушыда», «наградталғандар», «наградталғандардың» деген сөздер тиісінше «марапатталады», «марапатталуы», «марапаттауды», «марапаттау», «марапаттауға», «Марапаттау», «марапатталмайды», «марапатталған», «Марапатталған», «Марапатталушыда», «марапатталғандар», «марапатталғандардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. «Алтын Қыран» ордені - Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі.»;

3) 10, 11, 13-1, 13-2 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«10-бап. «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, оның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолындағы жауынгерлік ерлігі үшін беріледі.

«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табыс етіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табыс етіліп, «Халық қаһарманы» атағының иегері болады.»;

«11-бап. Қазақстан Республикасының ордендері:

- «Отан»;

- «Барыс»;

- «Даңқ»;

- «Al-Farabi»;

- «Qoja Ahmet Yasaui»;

- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев»;

- «Мейірім»;

- «Айбын»;

- «Парасат»;

- «Достық»;

- «Ел бірлігі»;

- «Құрмет»;

- «Еңбек Даңқы».»;

«13-1-бап. «Al-Farabi» орденімен білім мен ғылым, мәдениет пен рухани өмір салаларына сіңірген зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.

13-2-бап. «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен ағарту, мәдени-гуманитарлық әлеуметтік салаларды дамытуға елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері марапатталады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.