«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Қазақстан Республикасының Заңы (2026.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы

1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Қазақстан Республикасының Заңы

(2026.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен бүкіл мəтін бойынша «прокуратура,» «прокуратура» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау,», «, азаматтық қорғау» деген сөздермен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «наградталады», «наградталуы», «наградтауды», «наградтау», «наградтауға», «Наградтау», «наградталмайды», «наградталған», «Наградталған», «Наградталушыда», «наградталғандар», «наградталғандардың» деген сөздер тиісінше «марапатталады», «марапатталуы», «марапаттауды», «марапаттау», «марапаттауға», «Марапаттау», «марапатталмайды», «марапатталған», «Марапатталған», «Марапатталушыда», «марапатталғандар», «марапатталғандардың» деген сөздермен ауыстырылды  (бұр.ред.қара)

 

 

I. Жалпы Ережелер

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Қазақстан Республикасына сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттік наградалармен марапатталады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да марапатталуы мүмкiн.

Мемлекеттік наградаларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Мемлекеттік наградалармен марапаттауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

 

2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді

2-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - «Алтын Қыран» орденi, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ басқа да ордендер, медальдар, құрметті атақтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болып табылады.

 

2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

3-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының атаулары мемлекеттік тiлде белгiленедi.

Мемлекеттік наградалардың сипаттамасын, «Алтын Қыран» орденi, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттік наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртібін, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4-бап. «Алтын Қыран» орденiмен марапаттау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды.

Өзге мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Үкіметі, Қазақстан Халық Кеңесі, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi.

Марапаттау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн. Шет ел азаматтары марапаттауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi.

Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды марапаттауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы марапаттау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 5-бап жаңа редакцияда; 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте марапатталмайды.

Сол бір құрметті атақ қайталап берілмейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен қайтыс болғаннан кейін марапаттау еліміздің мүддесін қорғау кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

 

6-бап. Қазақстан Республикасының кез келген орденiмен марапатталған адамдар осы орденнiң иегерлерi деп аталады.

 

7-бап. Наградалар жөніндегі ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

 

 

II. Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi

 

2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. «Алтын Қыран» ордені - Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі.

«Алтын Қыран» орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттік ерекше еңбегi үшiн марапатталады.

«Алтын Қыран» орденiмен бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСР Одағының ордендерiнiң бiрiмен марапатталған азаматтар марапатталады.

 

9-бап. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi «Алтын Қыран» орденiнiң иегерi болып табылады.

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 10-бап толықтырылды ; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.02.01. № 525-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, оның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолындағы жауынгерлік ерлігі үшін беріледі.

«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табыс етіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табыс етіліп, «Халық қаһарманы» атағының иегері болады.

 

2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды

10-1-бап. «Қазақстанның Еңбек Ері атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.

 

 

III. Ордендер

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-1; 03.05.01 ж. № 180-II Заңымен 11-бап толықтырылды; 2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді; 2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11-бап. Қазақстан Республикасының ордендері:

- «Отан»;

- «Барыс»;

- «Даңқ»;

- «Al-Farabi»;

- «Qoja Ahmet Yasaui»;

- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев»;

- «Мейірім»;

- «Айбын»;

- «Парасат»;

- «Достық»;

- «Ел бірлігі»;

- «Құрмет»;

- «Еңбек Даңқы».

 

12-бап. «Отан» орденiмен азаматтар:

- мемлекеттік және қоғамдық қызметтегi;

- экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы;

- мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн марапатталады.

 

12-1-бап. 2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 03.05.01 ж. № 180-II Заңымен жаңа 12-2-баппен толықтырылды

12-2-бап. «Барыс» орденімен марапаттау:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі;

- бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі;

- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі;

- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі.

«Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады:

- I дәрежелі «Барыс»;

- II дәрежелі «Барыс»;

- III дәрежелі «Барыс».

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Марапаттау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі.

Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен марапаттау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; ҚР 04.07.03 ж. № 473-II Заңымен 13-бап толықтырылды; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді

13-бап. «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының жоғары офицерлік құрамдағы адамдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің жоғары басшы құрамдағы адамдары:

- әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін;

- әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін марапатталады.

«Даңқ» ордені екі дәрежеден тұрады:

- I дәрежелі «Даңқ»;

- II дәрежелі «Даңқ».

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Марапаттау II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.

 

2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 13-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-1-бап. «Al-Farabi» орденімен білім мен ғылым, мәдениет пен рухани өмір салаларына сіңірген зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.

 

2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды; 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 13-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-2-бап. «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен ағарту, мәдени-гуманитарлық әлеуметтік салаларды дамытуға елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері марапатталады.

 

2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен 13-3-баппен толықтырылды

13-3-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға ықпал еткен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттердің басшылары мен үкімет басшылары марапатталуы мүмкін.

 

2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен 13-4-баппен толықтырылды

13-4-бап. «Мейірім» орденімен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытқан, қайырымдылық қызметке, оның ішінде меценаттық немесе филантропиялық қызметке қомақты үлес қосқан азаматтар марапатталады.

Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен «Мейірім» орденімен марапаттау белгіленген мерзімдер ескерілмей жүргізілуі мүмкін.

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; ҚР 04.07.03 ж. № 473-II Заңымен; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2024.26.04. № 78-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. «Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері:

- жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін;

- әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін марапатталады.

«Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады:

- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын»;

- Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын»;

- Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын».

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі және Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші, аға және жоғары офицерлер құрамдарындағы адамдар марапатталады.

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Марапаттау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар марапатталады.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15-бап. «Парасат» орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөніндегі белсендi қызметi үшiн азаматтар марапатталады.

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен 16-бап толықтырылды

16-бап. «Достық» орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөніндегі жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн марапатталады.

«Достық» ордені екі дәрежеден тұрады:

- I дәрежелі «Достық»;

- II дәрежелі «Достық».

Марапаттау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.

 

2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

16-1-бап. «Ел бірлігі» орденімен азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін марапатталады.

 

17-бап. «Құрмет» орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, білім беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттік органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн марапатталады.

 

2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-1-бап. «Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмыскерлері кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жемісті еңбегі үшін, сондай-ақ тиісті салалардағы жоғары көрсеткіштері үшін марапатталады.

«Еңбек Даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады:

I дәрежелі «Еңбек Даңқы»;

II дәрежелі «Еңбек Даңқы»;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы».

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Марапаттау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.

«Еңбек Даңқы» орденінің үш дәрежесінің иегерлері мәртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға теңестіріледі.

 

 

IV. Медальдар

 

2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-бап. Қазақстан Республикасының медальдары:

- «Ерлігі үшін»;

- «Жауынгерлік ерлігі үшін»;

- «Шәмші Қалдаяқов»;

- «Ерен еңбегі үшін»;

- «Шапағат».

 

19-бап. «Ерлiгi үшiн» медалiмен азаматтар:

- адам өмiрiн сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда (суға кету, өртке душар болу, дүлей апаттар кезiнде);

- қылмысқа қарсы күресте көрсеткен ержүректiгi мен жанқиярлығы үшiн марапатталады.

 

26.07.99 ж. № 462-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 04.07.03 ж. № 473-II ҚР Заңымен; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2026.14.05. № 289-VIII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. «Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» медалiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерi:

- әскери бөлiмнiң, бөлiмшенiң жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына жәрдемдесетiн ұрыстағы, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестегi бiлгiр, бастамашыл әрi батыл iс-әрекетi үшiн;

- мемлекеттік шекараны қорғау кезiнде көрсеткен ерлiгi үшiн;

- қызмет өткеру кезiнде сiңiрген қызметi үшiн марапатталады.

 

2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды

20-1-бап. «Шәмші Қалдаяқов» медалімен композиторлар, дирижерлар, ән авторлары, дәстүрлі және эстрадалық музыканы орындаушылар, сондай-ақ музыка және ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.

 

21-бап. «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi және мемлекеттік қызметтегi еңбек жетiстiктерi үшiн марапатталады.

 

2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22-бап. «Шапағат» медалiмен азаматтар белсендi және жемiстi қызметi, мейiр-шапағаты мен қайырымдылығы үшiн марапатталады.

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-1 Заңымен; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 23-бап өзгертілді

23-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдарының мәндiлiгi жағынан реттiлiгi Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртiп бойынша белгiленедi.

 

V. Құрметтi атақтар

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен; 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 24-бап жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен (2023 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 24-бап өзгертілді; 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24-бап. Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленеді:

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген инженері»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген геологы»;

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»;

«Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері»;

«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері»;

«Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген кайраткері»;

«Қазақстанның халық әртісі»;

«Қазақстанның халық жазушысы»;

«Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі».

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагогтер «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына ие болған медицина қызметкерлері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.

 

ҚР 26.07.99 ж. № 462-I Заңымен 25-бап жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен (2023 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді; 2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.11. № 11-І ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

25-бап. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары:

- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» - Қазақстан Республикасына сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдеріне;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» - аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін педагогтерге;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» - денсаулық сақтау саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, ғылым және техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар ғалымдарға;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген инженері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, энергетика, байланыс, жобалау саласында жұмыс істеген және технологияларды дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, құрылыс, сәулет және жобалау саласында жұмыс істеген, құрылыс техникасын дамытуға және жетілдіруге елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп, металлургия, технологиялар, автоматтандыру және басқа да салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен шахта құрылысын дамытуға, жаңа техника мен технологияларды зерттеу мен жетілдіруге елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге, сондай-ақ кәсіпорындағы аварияларды жою және жазатайым оқиғалардың алдын алу кезінде көрсеткен бастамасы мен батылдығы үшін кеншілерге;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, геологиялық барлау өндірісіне озық технологияларды енгізгені және жер қойнауын барлағаны үшін, минералдық-шикізат базасын, геологиялық барлауды құрғаны үшін, геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, топографиялық-геодезиялық қызметтер мен геологиялық-зерттеу ұйымдарын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;

- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» - белгіленген ғарыштық ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеушілік және практикалық міндеттерді мінсіз орындаған азаматтарға;

- «Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, көлік саласында жұмыс істеген теміржол, әуе, су, автомобиль, құбыржол көлігі және басқа да көлік түрлерінің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне, сондай-ақ тасымалдау және көлікте көрсетілетін қызметтер сапасын жетілдіргені, материалдық және отын ресурстарын үнемдегені үшін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту бағытында елеулі үлес қосқан басқа да жұмыскерлерге;