Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығы
(2020.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020.06.05. № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020.06.05. № 37 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.02.11. № 317 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.02.11. № 56 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020.06.05. № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020.06.05. № 37 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәденимұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.