«Жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 707 Қаулысы

Жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 707 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 2 қарашадағы

№ 707 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау

кезінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 55-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау) жүргізу тәртібін, сондай-ақ жүру жолында жүзеге асырылатын халықаралық қатынастағы жолаушылар поездарында (бұдан әрі - поезд) мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде теміржол станцияларының әкімшіліктері мен теміржол көлік құралдарына қызмет көрсететін персоналдың іс-қимылын айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.