Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мынадай мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - мамандандырылған кеңестер) құрылсын:
1) ҚР Үкіметінің 2010.05.05. № 378 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес;
3) ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) мамандандырылған кеңестердің құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.