(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛА...

Атом энергиясы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 141-бабының 2-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы мемлекеттік қадағалау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 608 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 513 «Атом энергиясы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12041 тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.