«Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 1 Нормативтік қаулысы

«Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 1 Нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) тақырыбындағы және кіріспедегі «жер заңдарын», «Жер заңдарын» деген сөздер тиісінше «жер заңнамасын», «Жер заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) бүкіл мәтін бойынша «заңдар», «заңдарында», «заңдарымен», «заңдарда», «заңдардың» деген сөздер тиісінше «заңнама», «заңнамасында», «заңнамасымен», «заңнамада», «заңнаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 2-тармақтағы «43-47-баптары» деген сөздер «43-тен бастап 47-ні қоса алғандағы баптары» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 3-тармақта:

«Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 33-бабының» деген сөздер «Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі - АПК) 31-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Тараптары заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылатын жер учаскелеріне құқықтар туралы талап қоюлар жер учаскесі орналасқан жердегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда қаралады.»;

5) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Соттар істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптардың өзара қатынастарының сипатын, даулы құқықтық қатынастардың туындау себебі мен уақытын анықтаулары, тараптарға жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын беруге ұсыныс жасаулары қажет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.