«Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 193 Қаулысы (күші жойылды)

«Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 193 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 19, 140-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Үлгілік қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары көші-қон процестерін басқаруды және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді, оларды тиісті жергілікті өкілді органдар бекітеді.»;

4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.