«Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 159 бұйрығы

Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 159 бұйрығы

 

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 10-1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының в) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2022 жылғы 29 наурыздағы

№ 159 бұйрығына

бекітілген

 

 

Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.