«Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 870 бұйрығы

«Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 870 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8853 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 325 (27599) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:

3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1. Тасымалдаушы жолаушылар агенттігіне жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу бойынша ұйымдастыру-технологиялық сүймелдеу қызметін көрсеткен жағдайда тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.».

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қажет болған кезде жолаушы жол жүру құжаты (билеті) сатып алынған поездан бұрын (ерте) жүретін поездбен егер онда бос орын болса, жол жүре алады. Ол үшін жолаушы жол жүру құжатын (билетін) қайта ресімдеуі қажет. Жол жүру құжатын (билет) басқа бір жолаушыға қайта ресімдеуге жол берілмейді.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.