Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 19-н/қ бұйрығы
(2025.19.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2025.02.07. № 265-н/қ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4, 11 және 18-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.