Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 265-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 19-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітіліген Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларында:
2-тармағының 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«17) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі - тұтынушылардың (тұрмыстық қажеттіліктер үшін жылу энергиясын пайдаланатын) жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асатын жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу жеткізгішті тасымалдай отырып, бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен жылумен жабдықтайтын жүйе;».
2. «Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 145-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: