Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығы
(2016.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.13.10. № 1-3/920 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.13.10. № 1-3/920 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.12.12. № 516 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және азық-түлік нарықтары департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;