«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 250 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 250 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі

2023 жылғы 7 тамыздағы

№ 250 Бұйрықпен

бекітілді

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

1. «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.