Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығы
(2021.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабының 1-тармағы 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырлуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.