«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VІІ Заңы (2026.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға жəне сақталуға тиіс өзге де мəліметтер тізбесін жүргізу тəртібі;

3) базалық активі ақша жəне олардың баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу қағидалары, онда мыналар айқындалады:

базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу тəртібі мен шарттары;

базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне жəне базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптар;

базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерінің инвесторларына қойылатын талаптар;

базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді жүзеге асыру мақсатында тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тəртібі мен шарттары;

білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген, базалық активі ақша (стейблкоин) болып саналатын цифрлық қаржы активтерінің тізбесі;

5) нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну қағидалары;

6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидалары;

7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына, цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға жəне цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары;

9) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының мəліметтерді бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне ұсыну қағидалары;

10) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары;

11) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар;

12) офшор аймақтардың тізбесі;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға рұқсат беру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарына жəне резиденттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларын цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары;

14) 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган:

1) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттерін мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;

2) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу шарттары мен тəртібін айқындайды;

3) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына қойылатын талаптарды айқындайды;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тəртібін бекітеді;

5) осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесін (түрлерін), сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу жəне сақтау тəртібін бекітеді;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)  

5-1) цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға жəне цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекітеді;

6) осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде əрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну нысандарын, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, есептілікті ұсыну қағидаларын бекітеді;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша цифрлық қаржы активтері (осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін қоспағанда) нарығындағы əрекеттерді айла-шарғы қолдану мақсатында жасалған деп танудың қағидалары мен шарттарын бекітеді;

9) осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Цифрлық майнинг саласындағы уəкілетті орган:

1) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;

2) салықтың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органмен келісу бойынша салық салу мақсатында цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мəліметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;

3) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;

4) рұқсаттар жəне хабарламалар саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;

5) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеуді жүргізеді;

6) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешендердің тізілімін жүргізеді;

7) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешендерді есепке алу жəне олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган:

1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізеді;

2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу үшін ақпараттың құрамын, оны беру мерзімдері мен нысанын қамтитын тəртіпті айқындайды;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:

1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды;

2) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-тарау. ЦИФРЛЫҚ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-бап. Цифрлық қаржы активтерінің түрлері Мыналар цифрлық қаржы активтерінің түрлері болып табылады:

1) базалық активі ақша болатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин);

2) ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар жəне (немесе) өзге де мүлік болатын цифрлық қаржы активтері;

3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару жəне айналымға (айналысқа) жіберу

1. Цифрлық қаржы активтерін шығаруды цифрлық қаржы активтерінің эмитенті цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында көрсетілген эмитенттің осы цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімі негізінде жүзеге асырады.

Цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу тəртібі мен шарттарын, цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне жəне цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптарды, цифрлық қаржы активтерінің инвесторларына қойылатын талаптарды, оның ішінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тəртібі мен шарттарын, сондай-ақ білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтерінің тізбесін:

осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді;

осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

2. Цифрлық қаржы активтерінің шығарылуын тіркеуді цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жүзеге асырады жəне онда эмитент ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігін қарау қамтылады.

3. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы:

1) цифрлық қаржы активтерінің эмитенті цифрлық қаржы активтерін шығару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне өзінің қаржы активтерінің цифрлық платформасына қолжетімділік беруді;

2) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында жазбаны орналастыру арқылы цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асырады.

Цифрлық қаржы активін шығару шарттарында базалық активтің болуы көзделген жағдайларда цифрлық қаржы активін шығару цифрлық қаржы активтері платформасының операторы осындай базалық активтің бар екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

4. Цифрлық қаржы активінің базалық активін есепке алуды жəне сақтауды цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым жүзеге асырады.

Осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде əрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

Осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесі (түрлері), осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу жəне сақтау тəртібі, осы Заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде əрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Есептіліктің нысандарын, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оны ұсыну тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган бірлесіп айқындайды.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бір түрдегі цифрлық қаржы активтерін басқа түрдегі цифрлық қаржы активтеріне айырбастауды қоса алғанда, цифрлық қаржы активтерінің айналымы цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында жүзеге асырылады.

Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісті есептік тіркеуі болған кезде цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде əрекет ете алады.

Цифрлық активтердің сауда платформасының операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тəртіппен цифрлық активтермен сауда-саттықты ұйымдастырады.

Сауда платформасының операторы айналыстың барлық кезеңінде клиенттердің меншікті қаражаты мен цифрлық активтерінің бөлек сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Клиенттердің (цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің) жəне цифрлық активтердің сауда платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының қаражаты (ақшасы жəне цифрлық активтері) бөлек банктік шоттарда жəне цифрлық активтер əмияндарында сақталады.

Қызметін цифрлық активтер сауда платформасының операторымен қоса атқаратын цифрлық қаржы активтері платформасының операторы меншікті қаражаты мен клиенттер қаражатының бөлек банктік шоттарда, цифрлық активтер əмияндарында кəсіптік қызметтің əрбір түрі бойынша бөлек сақталуын қамтамасыз етеді.

6. Орталық депозитарий «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен осы Заңның 5-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.

Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитарийге мəліметтер ұсыну тəртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитариймен өзара іс-қимыл жасауының өзге де мəселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.

7. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі есептік тіркеудің негізінде жүзеге асырады.

Цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу, бақылау жəне қадағалау мақсатында жүзеге асырылады жəне цифрлық активтер платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының тиісті қызметтерді көрсетуі кезінде міндетті шарт болып табылады.

Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асырылатын қызметтер көрсету жөніндегі жұмысына жол берілмейді.

8. Есептік тіркеуден өту үшін цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.

9. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының есептік тіркеуден өту тəртібін, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы мен цифрлық активтердің сауда платформасы операторының біліктілік талаптарын, кəсіптік қызмет түрлерін біріктіру шарттары мен тəртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітеді.

10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде:

1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік тіркеуден өту үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі;

2) өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;

3) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;

4) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық қаржы активтерінің базалық активінің болуын жəне жай-күйін (сақталуын) куəландыру жəне мониторингтеу тəртібі;

5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларына қойылатын талаптар;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформаларына қолданылатын киберқауіпсіздікке қойылатын талаптар;

7) цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын қайта ұйымдастыру тəртібі қамтылады.

11. Мыналарды:

1) осы баптың 12-тармағында аталған;

2) мінсіз іскерлік беделі жоқ адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент жəне бейрезидент жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының құрылтайшылары жəне қатысушылары (акционерлері) бола алады.

12. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын жəне (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген, заңды тұлға мəртебесі жоқ заңды тұлғалар жəне (немесе) шетелдік ұйымдар:

цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының дауыс беретін акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін;

базалық активі цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама иелене жəне (немесе) пайдалана жəне (немесе) оларға билік ете алмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі адамдарға да қолданылады.

Осы тармақтың мақсаттары үшін цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының дауыс беретін акцияларын, туынды бағалы қағаздарын жəне (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету деп заңды тұлға мəртебесі жоқ басқа заңды тұлғалардағы жəне (немесе) шетелдік ұйымдардағы дауыс беретін акцияларын, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену арқылы цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасы операторы қатысушысының (акционерінің) шешімдерін айқындау мүмкіндігі түсініледі.

13. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын жəне (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген жеке тұлғалар цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкерлері бола алмайды.

Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкерінің лауазымына:

1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тəртіппен оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адамды сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген тыйым салу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы тиісті шешім қабылдағаннан немесе тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады;