(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...

Предыдущая страница

15. Осы баптың талаптары:

1) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:

сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингілік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.

 

ҚР 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді

35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар

1. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:

1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;

2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;

3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.

 

36-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )

 

 

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды

6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері

 

36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары

Исламдық сақтандыру қағидаттары:

1) сақтанушыларды өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген, пайыздармен көрсетілген инвестициялаудан немесе қарыздар беруден түскен кірістерді алуға тыйым салу;

3) темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салу болып табылады.

 

36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры

1. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.

Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.

3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тізбесін белгілейтін активтерге инвестициялайды.

4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюына байланысты шығындар үшін, мұндай шығындар оның кінәсінан туындаған жағдайларды қоспағанда, жауаптылықта болмайды.

5. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражатынан өз қаражатының бөлек есебін жүргізеді.

6. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшаны болашақта исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен қайтару шартымен, исламдық сақтандыру қорына беруге міндетті. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшаны бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

7. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.

 

36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алуға құқылы.

 

36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі

1. Қызметтің, операциялардың және мәмілелердің осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкестігін айқындау үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады.

2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.

 

36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар

1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін, осы Заңның 36-3-бабында көрсетілген сыйақыдан басқа, кез келген түрде сыйақы алуға немесе өзге де кіріс алуға құқылы емес.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.

 

36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп танудың салдарлары

1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт жасалмайды және орындалмайды.

2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.

3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес орындалған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мұндай шарт бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 36-7-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтерден бөлек, мыналар:

1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;

2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органының - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;

3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алудың шарттары және тәртібі қамтылуға тиіс.

 

 

7-тарау. Лицензиялау

ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) Заңдарымен 37-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді

37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау

1. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялар болған кезде береді.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Өтініш беруші уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алуға өтініш бергенге дейін:

1) барлық ұйымдастырушылық-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есепке алу және бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шараларды орындауға;

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, ішкі аудит жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;

3) басшы қызметкерлерді келісу жөніндегі талаптарды орындауға;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларының болуын қамтамасыз етуге;

5) штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарийдің болуы;

6) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартын, егер сақтандыру ұйымының осындай ұйымға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген болса, жасасуға;

7) осы Заңның және Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының талаптарына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен қатысу шартын жасасуға міндетті.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;

2) осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар;

3) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;

3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.

5) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бизнес-жоспар сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) ескеріле отырып (сақтандыру ұйымының тұтастай алғандағы қызметі бойынша) жасалады және ол:

1) сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш білдірген күнге осы Заңның 27-бабына сәйкес бұрын ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан аз қалған жағдайда, «жалпы сақтандыру» саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - таяудағы үш жылға және «өмірді сақтандыру» саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға;

2) сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей өтініш білдірген жағдайда, осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзімнің соңына дейінгі кезеңге әзірленуге тиіс.

Осы Заңның 27-бабына сәйкес бизнес-жоспарда талап етілетін ақпаратқа қосымша ретінде бизнес-жоспарда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1) мыналардың:

сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің;

сақтандыру портфелі құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;

сақтандыру сыныбы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);

сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде өткізу тәсілдерінің негізгі сипаттамалары (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);

2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, экономикалық негіздемесі бар сақтандыру тарифтерінің есеп-қисабы (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);

3) пайда, залал туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);

4) сақтандыру резервтері туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы және сақтандыру портфелі бойынша);

5) залалдылық болжамы, ең нашар және ең жақсы ахуалдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);

6) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);

7) инвестициялық саясат (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша).

4. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде сақтандырудың осы сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастай отырып, сондай-ақ лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге жатады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.

Акционерлер жалпы жиналысының шешімімен лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде лицензия шешім қабылданған күннен бастап бір жүз сексен күн ішінде қайта ресімделуге жатады.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақыларын, жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, сақтандырудың осы сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы баптың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган хабардар етілген күннен бастап қолданылады.

Сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымы (ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;

2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы Заңның 37-1-бабы 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға;

3) басқа сақтандыру ұйымында (ұйымдарында) сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша сақтандыру портфелін қабылдауға заңнамалық шектеулер болған кезде сақтанушылармен (қайта сақтанушылармен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға міндетті.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

5-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

Бұл ретте осы баптың 5-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттар.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

1) уәкілетті органның сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.