«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика мннистрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 163 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 24-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында оған қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Сәтқалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
20___ жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
20___ жылғы «____» __________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 163 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 458 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
2023 - 2027 жылдарға арналған
даму жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Миссиясы: елдің энергетикалық қауіпсіздігін және экономиканың энергия тасымалдаушыларға өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін дамыту.