Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығы
(2017.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2015.31.12. № 738 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2015.31.12. № 738 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.М. Досмұқаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.