Ақтау халықаралық теңіз сауда портының кейбір мәселелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және «Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 Қаулысы
(2022.22.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
3. «Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 307-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.