Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттік мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 Қаулысы
(2025.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2025.13.05. № 331 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктің мемлекеттiк мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздігін және экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қoca берiлiп отырған Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектiлерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлігінiң мониторингiне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 872 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 281-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 311 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.29.11. № 1267 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.12. № 1539 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.07. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.11.11. № 696 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2016.21.12. № 834 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.07.06. № 344 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.03.07. № 405 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.03.09. № 544 Қаулысымен (бұр.ред.қара 2019.23.10. № 791 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2020.05.02. № 39 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.10.11. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.30.11. № 853 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.31.12. № 982 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2023.17.01. № 24 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.13.05. № 331 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.04.08. № 588 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2025.14.11. № 973 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (2025 ж. 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 30 шілдедегі
№ 810 қаулысымен бекітілген
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң
тiзбесi