Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару
тиiмдiлiгінің мониторингiне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың
тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 5 тамыздағы № 872 қаулысы
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 810 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнің мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 мамырдағы № 491 қаулысына сәйкес экономикалық қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тізбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2002 жылғы 5 тамыздағы
№ 872 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы
басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне
жататын жекешелендірілген ұйымдардың тізбесі