Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттік мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 Қаулысы
(2025.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 ж. 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2025.13.05. № 331 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктің мемлекеттiк мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздігін және экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қoca берiлiп отырған Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектiлерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлігінiң мониторингiне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 872 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 281-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының