Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2026 жылғы 9 шілдедегі № 119 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 9 шілдедегі
№ 119 бұйрықпен
бекітілген
Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 65-29) тармақшасына сәйкес әзірленді және Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (бұдан әрі - Платформа) қалыптастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.